Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру » «Туған жер» бағдарламасы » Екі дүние сардары

Екі дүние сардары

Санат: «Туған жер» бағдарламасы
Уақыты: 27.11.2019
Оқылды: 32 Печать страницы

Соңғы жылдары ислам елдерінің барлығында дерліктей Мәуліт мерекесі аталып өтеді. Бұл жалпы мұсылман жұртшылығының Пайғамбарға деген сүйіспеншілігін, құрметін білдіреді. Біздің елімізде де жыл сайын дәстүрлі түрде Мәуліт мерекесі тойланып жүр. Ондағы негізгі мақсат Алланың Елшісі - Мұхаммед Пайғамбардың өнегелі тұлғасын, кіршіксіз тірлігін жұртшылыққа насихаттау, мейірімін, шарапатын ұлықтау болып табылады.
Бүгін осынау ұлық мейрамды Текелі халқы қаламыздың Мәдениет үйінде атап өтті. Айтулы мейрамның аясындағы шараға Текелі қаласының әкімі Б. Өнербаев, Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы А. Оразбаев қатысып, барша халықты Мәуліт мерекесімен құттықтады.