Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Рухани жаңғыру » «Туған жер» бағдарламасы

«Туған жер» бағдарламасы

Шағын және орта бизнес өкілдері марапатталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Текелі қаласының дамуы мен өркендеуіне үлес қосып, белсенділік танытқан бірқатар шағын және орта бизнес өкілдері марапатталды.
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 05.10.2018

"Дәуір тұлғалары" атты әдеби-танымдық кеш өтті

Текелі қалалық кітапханасында "Дәуір тұлғалары" атты әдеби-танымдық кеш өтті. Шара Тайыр Жароковтың 110 жылдығына, Тәкен Әлімқұловтың 100 жылдығына арналды. Кітапханашылар қатысушыларға белгілі қазақ ақындарының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып өтіп, қызықты әңгіме өрбітті.
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 28.09.2018

Сурет салу байқауы өтті

Текелі қаласының №3 балабақшасында балаларға табиғат ұғымының мәнін ашып, танымдық қабілеттерін, шығармашылық потенциалдарын дамыту және туған өлке табиғатын аялауға, сүюге тәрбиелеу мақсатында «Как прекрасен этот мир, посмотри» атты сурет салу байқауы өтті. Барлық қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 10.09.2018

Отбасы күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Қора өзенінің жағалауында №5 орта мектебінің ұжымы мен оқушыларының ұйымдастыруымен отбасы күніне орай «Текті қалам – Текелім» атты мерекелік іс-шара өтті.
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 10.09.2018

Қалалық кітапханада Конституция күніне орай «Конституция-Қазақстан Республикасының негізгі заңы» атты білім аукционы өткізілді

Шара барысында кітапханашы балалармен Қазақстан Республикасы Конституциясының шығу тарихы, "Конституция" ұғымы, тараулары, қабылдануы және қолданысы жөнінде әңгімелесіп, сұрақ-жауап ойынын ойнатты. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық әндер айтып, би биледі.
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 03.09.2018

"Мәңгілік ғажайып - кітап"

Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасының №2 филиалында кітапханашы Л.Калиновская "Мәңгілік ғажайып - кітап" атты библио-анонс ұйымдастырды. Аталған шараның мақсаты - кітап оқу қажеттілігін түсіндіріп, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту, кітап әлеміне саяхат жасау. Шара барысында кітапханашы кітап баспасының, кітапханалардың тарихы жайында қызықты ақпарат берді.
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 05.08.2018

За природу в ответе каждый" экологиялық мозаикасын ұйымдастырды

Оқырмандарға жер шарындағы экологиялық жағдай туралы түсінік беру мақсатында "Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы" №2 филиалында кітапханашы Л.Калиновская "За природу в ответе каждый" экологиялық мозаикасын ұйымдастырды. Шара барысында кітапханашы қатысушыларды қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық жағдайға, табиғатқа қатысты өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 01.08.2018

№8 орта мектебінің оқушылары Қарасай және Жамбыл аудандарының мұражайларына саяхат жасады

Оқушылар ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне салынған мұражайға барып, Елбасымыздың балалық шағымен танысып, білім алған мектебіне барды. Осы саяхат оқушыларға Отанымыздың тарихы мен мәдениеті туралы көптеген тарихи фактілерді білуге мүмкіндік берді.
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 25.06.2018

«Ақ бата – асыл мұра» атты бата беру жарысы өтті

Текелі қаласының Жастар ресурстық орталығында Ардагерлер кеңесі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақ бата – асыл мұра» атты бата беру жарысы өтті. Байқауға қатысқан аталарымыз, өздерінің керемет сөздерімен келген қонақтарды таңғалдырды. Тартысқа толы болған байқауда Сәлімжан Оқан атамыз І орынды иеленсе, ІІ орынды Файзулла Бүркітбайұлы, ІІІ орынды Уәйсхан Мазтай қанжығасына байлады.
Толығырақ... Оқылды: 66 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 08.06.2018

«Өз өлкеңді таны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Жастарға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу, туған жердің тарихына үңіле білуге, отанымызды қадірлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Текелі қалалық кітапханасында «Өз өлкеңді таны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: «Туған жер» бағдарламасы Уақыты: 08.06.2018