Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Рухани жаңғыру » «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Ұлы даланың аң стилінің өнері» атты өнер сағаты

Қалалық кітапхана қызметшілері Е. В. Житникова және И. А. Вандакурова «Общение» клубының мүшелерімен өткізген «Ұлы даланың аң стилінің өнері» атты өнер сағаты «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бір қыры «Аң стиліне» арналды. Кітапханашылар Есік қорғанының олжаларымен, атап айтқанда «Алтын адам», Тасмола қорымы, Шілікті қорымы, Қошқар Ата кесенесімен таныстырды . Әңгіме «аң стилі» - бұл ежелгі әлемде кеңінен таралған өнердің шартты атауы, оның ерекшелігі жеке жануарлардың, олардың денесінің бөліктерінің немесе аңдардың күрес көріністерінің айшықты бейнесі болып табылатындығы жайында болды. Қатысушылар скифтердің, сақтардың, ежелгі алтайлықтардың, фракийлер мен сарматтардың «аң стилі» едәуір дамыған, бірқатар зерттеушілердің пікірінше, Алдыңғы Азияның ежелгі өнерінен шыққаны туралы мағлұмат алды.
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Уақыты: 11.03.2020

Фестиваль «Рухы мықты ұрпақ»

28 ақпанда Текелі қаласындағы білім мекемелерінде дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухы мықты ұрпақ» тақырыбында балалар мен жас жасөспірімдер арасында ұлттық ойын түрлерінен фестиваль өтті. Қатысушылар тоғыз құмалық, асық ату бойынша өзара бақ сынады.
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Уақыты: 11.03.2020

Ұрпақтардың рухани байланысы

Текелі қаласының кітапханасында "Ұрпақтардың рухани байланысы" атты тәлімгерлік сабақ өтті.
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Уақыты: 28.02.2020

Жасөспірімдер арасында екі жас санатында туристік көпсайыс

22-23 ақпанда Туризм орталығында балалар мен жасөспірімдер арасында екі жас санатында туристік көпсайыстан қалалық біріншілік өтті. Күрделі сайыста жасөспірімдер арасында: 1 орынға № 4 ОМ, 2 орынға - № 3 ОМ 3 орынға - № 1 ОМ ие болды. Балалар арасында: 1 орын - № 5 ОМ, 2 орын - № 3 ОМ, 3 орын №6 иеленді.
Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Уақыты: 26.02.2020

Брифинг

Бүгін «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Текелі қаласы әкімінің орынбасары Елдос Сәкенұлы Мырзабектің қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. Брифинг барысында, 2017-2019 жылдар аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында барлығы 607 шара ұйымдастырылып, 82 340 адам қамтылған. Атап айтар болсақ, «Атамекен» кіші бағдарламасының «Туған Жер» арнайы жобасы аясында 18 меценатпен жалпы соммасы 172 млн 850 мың теңгеге 12 жоба іске асырылған.
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Уақыты: 20.02.2020

Елді сенім мен ортақ мүдде біріктіреді

Елді сенім мен ортақ мүдде біріктіреді 13 ақпандаТекелі қаласында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Жұмабаев және «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А. Жазықбаев қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар, № 3 орта мектебінде қала жастарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қалалық әкімдікте мекеме, кәсіпорын басшылары, Текелі қаласының Құрметті азаматтары, ардагерлер, қалалық мәслихат депутаттары, саяси партиялар, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, құқықтық мәдениет пен азаматтардың құқықтық санасын дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылад .
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Уақыты: 18.02.2020

«Шеттілдік сөздердің емлесі» атты тәжірибелік семинар

«Шеттілдік сөздердің емлесі» атты тәжірибелік семинар Текелі қаласының Жастар ресурстық орталығында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып және қазақ тілі мұғалімдері үшін «Шеттілдік сөздердің емлесі» атты тәжірибелік семинар өтті . Шара барысында жаңа әліпбидің аспектілері қарастырылып, латын әліпбиінде оқу және жазу бойынша практикалық сабақ өткізілді.
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Уақыты: 18.02.2020

Алма мен қызғалдақтың отаны

Алма мен қызғалдақтың отаны Қалалық кітапхананың коворкинг орталығында Елбасының "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласындағы 7-ші қыр бойынша "Алма мен қызғалдақтың отаны" атты танымдық сағат өткізілді. Шараға «Общение» клубының мүшелері қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 128 Санат: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Уақыты: 22.08.2019

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру Текелі қаласының балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының тәрбиеленушілері Орталық қалалық саябақта өткен Кросс-жорыққа қатысты. Нәтижесінде "Горцы" және "Барыс" командалары жеңімпаз атанды, екінші орынды "Як-цуп-цоп" және "Сұңқар" командалары, үшінші орынды "Алатау" және "Хан Тәңірі" командалары иеленді.»
Толығырақ... Оқылды: 174 Санат: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Уақыты: 05.06.2019

Ұлы даланың жеті қыры

Ұлы даланың жеті қыры Балабақша - тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Текелі қаласының «Шарапат-Сауап» корпоративтік қоры отбасылық құндылықтарды насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру бойынша балабақшаларында «Ұлы Дала фольклоры» атты кездесулер өткізді. Шара барысында қор төрағасы Файзулла Бүркітбай бүлдіршіндерге батырлар жырын айтып, ертегілер еліне саяхат жасады. Аңыз-әңгіме, әфсаналардан кең мағлұмат беріп, салт-дәстүрлерімізді насихаттады. Бүлдіршіндер бүркітпен суретке түсіп, мәз-мейрам болысты.
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Уақыты: 05.06.2019