Навигация

Жетісу адалдық алаңы

Ақпарат

Баннеры

Ақпарат

Негізгі » Мемлекеттік сатып алулар » Открытые конкурсы » 2015жылға Текелі қаласында үкіметтік емес ұйымдарының арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды орынд

2015жылға Текелі қаласында үкіметтік емес ұйымдарының арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды орынд

Санат: Открытые конкурсы
Уақыты: 04.02.2015
Оқылды: 1191 Печать страницы

 

БЕКІТЕМІН

«Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы

_____________________ Н.Шоханова

2015 жылғы «___» __________

№ __ бұйрық

 

2015 жылға Текелі қаласында үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік-маңызды жобаларды орындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша үкіметтік емес ұйымдар болып табылатын әлеуетті өнім берушілерге  конкурсқа қатысуға және өтінімдерін  әзірлеуге арналған

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА

 

Бұл Конкурстық құжаттама (әрі қарай - Конкурстық құжаттама) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңдарына (әрі қарай -Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы «Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі» № 1301 Ережесіне сәйкес Алматы облысындағы үкіметтік емес ұйымдарының арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға және өтінімдерін әзірлеуге арналған. 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және тапсырыс беруші: «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы және Банкілік реквизиттері: индекс: 041700, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет, код 4561028, ЖСК KZ07070103KSN0923000, Текелі қаласының қазынашылық басқармасындағы БСК (МФО) KKMFKZ2A,     БСН 111240023338.

Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушінің өкілі: Сүлеймен Мәулен Бағдаулетұлы –  «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ жетекші маманы, телефон 8(72835)79101; 44038; 44589(факс); электрондық пошта tekeli_owp@mail.ru  

Конкурстық құжаттамының құны: Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы конкурстық құжаттама мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерді көрсетушілерге байқауға қойылатын талаптар туралы толық мәліметтерді жеткізу мақсатында әзірленген.

2. Конкурс 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарының Текелі қаласына қатысты әлеуметтік-маңызды жобаларды орындау жөніндегі қызметтерді жеткізіп берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі.

3. Қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша аталған конкурс үшін бөлінген сома  9 000 000 (Тоғыз миллион) теңгені құрайды (ҚҚС есептелмеген).

лот №

Жобаның аталуы

 

Бөлінген қаржының сомасы, теңге

ҚҚС есептелмеген

  1.  

«Мәңгілік Қазақ Елінің тарихы» Жалпықазақстандық  мәдениет пен өнерді дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу.

4 000 000

  1.  

«Ұлт тірегі – татулық»

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында этносаралық бірлікті, қоғамдық келісім және тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

2 000 000

  1.  

«Ерлікке тағзым –елдік парыз»

ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу.

1 700 000

  1.  

Азаматтардың денсаулығын сақтау және салаутты өмір салтын қалыптастыру бағытында кешенді шаралар ұйымдастыру және өткізу (Текелі қаласы және Рудничный ауылдық округі тұрғындары арасында алкоголизмге, есірткі және темекі шегудің алдын алу шаралары).

1 300 000

 

БАРЛЫҒЫ

9 000 000

Осы конкурстық құжаттамадағы сатып алынатын қызметтердің толық  тізбесі 1-қосымшада көрсетілген. 

Конкурс жеңімпазы әр лот бойынша анықталады.

4.Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес, сатып алынатын қызметтердің тізбесін;

2) осы конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық және сапалық ерекшелігін;

3) осы конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) осы конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына  сәйкес баға ұсынысын беру нысанын көрсету. 

6)  Нақты шарттарды көрсете отырып мемлекеттік сатып алу туралы келісім – шарттың жобасы (Конкурстық құжаттаманың 6 қосымшасы).

 

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық

құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның

ережелерін түсіндіруі

 

5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2015 жылдың         24 ақпанының 12.00 сағаттан кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы.  Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 041700, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет.

6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған жауап беруге міндетті және сұрау салу кiмнен келiп түскенi көрсетілмейді:

1) олар туралы мәлiметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына енгiзiлген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрудi жiберу;

2) конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiрулердiң мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялауға мiндеттi.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылдың                  01 наурызының сағ. 12.00 сағаттан кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы  http://www.tekeli.gov.kz  веб-сайтында жариялайды.   

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Текелі қаласы, Аблай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет мекен-жайы бойынша кездесу өткізеді. Қала әкімінің ресми веб-сайты http://www.tekeli.gov.kz.

9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің  конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияға және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналында көрсетiлген конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберiледi.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін http://www.tekeli.gov.kz  веб-сайтында жариялайды.

 

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

 

10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тиісті құжаттарды әрбір лот бойынша нотариалды куәландырылады.

12. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

- заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды:

- заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады;

- лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың көшірмесін;

3) әлеуеттi өнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды:

- осы конкурстық құжаттаманың  4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу процеcсiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс мәлiметтердi.  Егер әлеуеттi өнiм берушi қызмет көрсетулердiң бiрлесiп орындаушыларды тартуды көздеген жағдайында әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бiрлесiп орындаушылардың жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынуы тиiс;

4) көрсетiлетiн қызметтердiң тізімін (қатысатын лоттарды көрсете отырып), оның ішінде;

техникалық және сапалық сипаттамалары, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің (техникалық  ерекшелiктi);

тауарлардың сандық көрсеткіштері (атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің);

қызметтерді көрсету орны, уақыты (аралығы) (атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің);

қызметтердi көрсету мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепiлдiгiн.

5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

13. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің қолданылу мерзімі конверттерді ашқан күннен бастап, кемінде 45 күн болып белгіленеді.

14. Конкурстық құжаттамада көрсетілген қолданылу мерзіміне қарағанда қысқа мерзімді қамтитын конкурстық өтінім қабылданбайды.

15. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

 

16. Конкурсқа қатысуға өтінімді және тиісті құжаттарды әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен және мөрімен куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған түрде жеке беріледі.

17. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі тиіс.

18. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

19. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, («Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс: 041700,    Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет), конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: "2015 ЖЫЛҒА ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС" және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ: 2015 жылғы 06 наурыз, сағат 15.00.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып: 2015 жылғы 06 наурыз  13 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге дейін қоса алғанда «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс: 041700, Алматы облысы,Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет, өтінімдерді қабылдауға және оларды тіркеуге жауапты, конкурстық комиссия хатшысы - Сүлеймен Мәулен Бағдаулетұлына береді.

21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және  конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

22. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

23. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

 

Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

 

24. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама  әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

25. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

26. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығын жоғалтпастан, мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы.

27. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, эксперттік комиссия, эксперт, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

 

4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет мекен-жайы бойынша 2015 жылғы 06 наурыз  15  сағат 00 минутта жүргізеді.

Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (ескерту) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады.

29. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет мекенжайы бойынша 2015 жылғы 06 наурыз 14 сағат 30 минутқа дейін өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырыста қолданатын аудиожазба және бейнебақылаудың техникалық құралдары жөнінде конкурстық комиссияны хабардар етеді.

30 Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

31. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген комиссия хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

- конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

- конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердіңсаны;

- әлеуетті өнім берушілердің сұрауларының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

- конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

- тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

- конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

-  тиісті конверттерді ашу хаттамасын рәсімдейді;

- әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

 

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу

 

32. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

33. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия қажет болған жағдайда:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттерiне жол берiлмейдi. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамада түзетуге жататын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болған жағдайда ұсынылған өтінімнің негізін өзгертпей конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес деп қарайды.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды.

34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды) егер:

1) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты (құжаттарды) ұсынбауы;

2)  әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтындығы жөніндегі құжаттағы ақпаратқа сәйкес біліктілік талаптарына сай еместігі белгіленгенде;

3) біліктілік талаптары жөнінде шынайы емес ақпараттар ұсынылса;

35. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші конкурсқа жіберілмейді (конкурсқа қатысушы ретінде танылмайды), егер:

1) ол біліктілік талаптарына сәйкес еместігі анықталса;

2) ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3)конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса. 

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

- конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

- Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

36. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу қызметтерін  өткізу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша комиссия төраға белгілеген уақытта, конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қарау мерзімінен кеш емес мерзімде:

1) өз өкілеттігі шегінде әлеуетті өнім берушілердің ұсынып отырған қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың толықтығы мен тиісінше ресімделуінқарайды;

Комиссия мүшелері әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігіне қорытынды және келесі қағидаттар  бойынша баға береді:

  1. әлеуметтік жобаның тапсырыс берушінің қойған мақсаттары мен тақырыбына сәйкестігі;
  2. ұсынылып отырған жобаның ұйымның міндетіне сәйкестігі (жарғылық міндеттерге);
  3. ұйым міндетінің Тапсырыс берушінің салалық бағытына сәйкестігі;
  4. тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу жолындағы жоспардың болуы (іс-шаралардың атауы мен үлгісі, мақсаттық топтар, өткізу мерзімдері, мекенжайы көрсетіле отырып, өткізу орны мен қамтылатын тұрғындар);
  5. жобаны жүзеге асыру аясындағы әлеуметті өнім берушілер саны;
  6. конкурстық құжаттама талаптарына сай әрбір шара бойынша шығындар сметасының болуы;
  7. жобаны жүзеге асыруда нәтижелер тиімділігін бағалау бойынша өлшенетін белгілердің болуы;
  8. жобаны жүзеге асыру барысында бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі;
  9. жобаны жүзеге асыруға жоғары білікті манадарды тарту мүмкіндігі;
  10. әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің  «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер Реестірінде» болуы.

Конкурстық комиссия 1)-9),  тармақшаларында көрсетілген критерийлерді 0-ден 5 балға дейін бағалайды. 

Конкурстық комиссия 10)  тармақшада көрсетілген критерийлерді 0-ден 1 балға дейін бағалайды. 

2) комиссия белгіленген критерий лер бойынша 0-ден 5-ке дейін балл көрсеткіштерін көрсете отырып  әрбір техникалық ерекшелікке бағалау парағын дайындайды.

Комиссия әрбір техникалық ерекшелікті талқылау нәтижесі бойынша  әр критерий аясында бағалау парағында балдар қояды;

3) әлеуетті өнім берушілердің ұсынып отырған қызметтерінің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелігіне сай немесе сай еместігіжөнінде қорытындыны ресімдейді және қол қояды;

4) тиісті үлгіде ресімделген құжатты ұсынады және сондай-ақ, әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын комиссия хатшысына береді;

5) конкурстық комиссия аталған қорытынды негізінде конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қараудың қорытындысын шығарады.

Әрбір критерий бойынша қойылған комиссия мүшелерінің балы қосылып, шыққан сома жобалық ұсыныстың бағасы болып есептеледі.

Жобалық ұсынысқа конкурстық комиссияның қорытынды бағалары жалпы тізімдері белгілі тәртіп бойынша енгізіледі.

Ең жоғарғы балл жинаған жобалық ұсыныс (28- ден кем емес), немесе жоғары балдардан тепе-тең балл (28 - кем емес) жинаған жобалық өтінімдер конкурстық бағалық ұсыныстар кезеңіне дейін жіберіледі.

28 баллдан төмен балл жинаған жобалық ұсыныс конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

37. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

38. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін http://www.tеkeli.gov.kz. веб-сайтында орналастырады.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.

 

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің

конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

 

39. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы, тігілген түрде, нөмірленген беттерімен және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

40. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «САТЫП АЛУ КОНКУРСЫ (конкурстың атауын көрсету) КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСЫН 2015 жылғы 20 наурыздың сағат 15.00–ге ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.

 

7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

 

41.Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы нетөраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

- конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

- конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

- конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

42. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

43. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы.

44. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

45. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

46. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

 

8. Конкурс қорытындылары бойынша

мемлекеттік сатып алу туралы шарт

 

47. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес және осы конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес үлгi шарт негiзiнде көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.

48. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

49.Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

50. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

- мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың ықылассыз деп тану жөнінде сотқа жүгінуге;

- қажет болған жағдайда мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

 

 

 

 

 

Конкурстық  құжаттамаға

1-қосымша

 

Сатып алынатын  көрсетілетін  қызметтердің  тізбесі

2015 жылы Алматы облысы, Текелі қаласында үкіметтік емес ұйымдарының арасында

өткізілетін әлеуметтік маңызы бар жобалардың конкурсы

 

Лот

Тапсырыс
берушінің
атауы

Қызметтің атауы

Өлшем
бірлігі

Саны,
көлемі

Қызметтер
көрсету
мерзімі

 

қызметтер
көрсету
орны

Конкурс
тәсілімен
мемлекеттік
сатып алу
үшін
бөлінген
сома (№ лот
бойынша),
теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

1

«Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекетік мекемесі

«Мәңгілік Қазақ Елінің тарихы» Жалпықазақстандық  мәдениет пен өнерді дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Қызметтер

1 жоба

2015 жыл

Алматы облысы, Текелі қаласы

4 000 000

2

«Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекетік мекемесі

«Ұлт тірегі – татулық»

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында этносаралық бірлікті, қоғамдық келісім және тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Қызметтер

1 жоба

2015 жыл

Алматы облысы, Текелі қаласы

2 000 000

3

«Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекетік мекемесі

«Ерлікке тағзым –елдік парыз»

ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Қызметтер

1 жоба

2015 жыл

Алматы облысы, Текелі қаласы

1 700 000

4

«Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекетік мекемесі

Азаматтардың денсаулығын сақтау және салаутты өмір салтын қалыптастыру бағытында кешенді шаралар ұйымдастыру және өткізу (Текелі қаласы және Рудничный ауылдық округі тұрғындары арасында алкоголизмге, есірткі және темекі шегудің алдын алу шаралары).

Қызметтер

1 жоба

   2015 жыл

Алматы облысы, Текелі қаласы

1 300 000

 

 

 «Текелі қаласының ішкі

саясат бөлімі» ММ  басшысы                                                                                                                   Н. Шоханова

 

М.О.

«__» ________ 2015 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурстық құжаттамаға

№ 2 қосымша

 

№1 мен №4 лоттар аралығындағы әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша сатып алынатын қызметтердің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

1. Жалпы техникалық мінездемелер:

Конкурсқа әлеуетті өнім беруші ұйымның жоба бойынша қызметінің тұжырымдамасын ұсынады. Жоба бойынша тұжырымдама конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімнің ажырамас бөлігі болып табылады және қызметтерінің сапалы мінездемесі ретінде болады.

Қызметтер тұжырымдамасының құрылымына мыналар енеді:

  1. Ұйым миссиясының таңдап алған бағыттағы жұмыстарының негіздемесі (лот атауының ұйым қызметінің бағытына сәйкестігі), жоба бойынша қызметінің тәжірибелік маңыздылығы мен рөлі;
  2. Лот тақырыбына сәйкес мәселелік аймақты зерделеу (қалыптасқан жағдай бойынша), ұсынылып отырған мәселені шешу жолдары, оның ішінде отандық және халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып;
  3. Әлеуетті өнім берушінің жобадағы қызметі бойынша жетістікке жетудегі нақты мақсаты (мақсаттары) және негізгі міндеттері;
  4. Жобаны жүзеге асыру механизмі, оның ішінде тапсырыс тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері);

Кезеңдік жоспардағы әрбір іс-шараны жекелей сипаттау қажет.

 

Кезеңдік жоспардың ҮЛГІСІ

Іс-шара (атауы мен өткізу түрі көрсетілуі қажет)

Өткізу мерзімдері мен өтетін жерлері

Мақсатты топ және өкілдердің күтілетін саны

күтілетін тікелей (сандық) және соңғы (сапалық) нәтижелер

1

2

3

4

5

 

  1. Жобаны жүзеге асыру аясында әлеуетті өнім алушылардың саны;
  2. Конкурстық құжаттамаға сәйкес әрбір шара бойынша шығындар сметасы.
  3. Жобаны жүзеге асыруда нәтижелер тиімділігін бағалау бойынша өлшенетін белгілер.
  4. Жобаны жүзеге асыруға жоғары білікті манадарды тарту мүмкіндігі.
  5. Жобаны жүзеге асыру барысында бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражатты тарту мүмкіндігі.

2. Жобаны ұсынып отырған үкіметтік емес коммерциялық емес ұйым келесі сипаттамаларға сәйкес келуі керек:

  1. штаттық қызметкерлері – 3 адамнан кем емес;
  2. жобаны орындау үшін қажетті базаның болуы (кеңсе, ұйымдастыру техникасы, телефон);
  3. оқу-әдістемелік және ақпараттық базаның болуы;
  4. облыстық қалалары мен аудандарына шығу мүмкіндігі (егер жобаны іске асыру облысқа бағдарланған болса);

5) жоба бойынша қызметтерді сапалы түрде ұсыну үшін білікті мамандарды тарту мүмкіндігі.

6)  2015 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркеуден өтуі, қызмет көрсетуде еңбек өтілінің болуы. 

 

3. Есептілікке қойылатын талаптар. Ұйымның басшысы тапсырыс берушіге келесідей есептерді ұсынуы қажет:

Кезеңдік жедел есептер (аптасына 1 рет). Қызмет көрсету туралы келісім-шарт күшіне енгеннен бастап әлеуетті өнім беруші қажет жүзеге асырылатын/асырылған және жоспарланып отырған іс-шаралар туралы жедел ақпаратты ұсынуы қажет.

Аралық шығармашылық есептер (қызмет көрсету туралы келісім-шарт күшіне енгеннен бастап екі айда 1 реттен кем емес). Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, Жетекші міндетті түрде аралық шығармашылық және аналитикалық есебін дайындап, онда барлық өткізілген іс-шараларды толықтай жазып, әдістері мен технологиялары, туындаған мәселелері және оларды шешу жолдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктерге ұсыныстар болуы қажет. Шығармашылық есепте әрбір шараны жекелей жазу қажет. Әрбір өткізілген іс-шараның есебіне әлеуетті өнім беруші мыналарды қосуы керек: тұжырымдама, іс-шараны өткізудің бағдарламасы, күн тәртібі, қатысушылардың тізімі, жаттықтырушы/ кеңесші/ лектор/ модераторлардың резюмелері байланыс ақпараттарымен бірге, (семинар-тренингтер, консультациялар, лекциялар, дөңгелек үстелдер үшін) баспасөз парағы, баяндамадан немесе құттықтаудан үзінді, іс-шара хаттамасы, фотосуреттер (жалпы фон және банер бейнеленген 10х15 см форматтағы 6 дана) электронды және баспа БАҚ-та жарияланған мақалалар көшірмесі, аудио/ бейне материалдардың көшірмесі, (егерде, эскиздар мен фотосуреттер мүмкін болмаған жағдайда) таратылған материалдар, полиграфиялық, имидждік және сувенирлік өнімдердің үлгілері және басқа да қажетті дәлелдейтін материалдар болуы тиіс. Есепте мына қосымшалар болуы қажет: фото, бейне, аудио және электрондық материалдардың мұрағаты. Есеп 1 данада ұсынылады және электронды PDF форматты дискілерде болады.

Аралық қаржылық есеп (қызмет көрсету туралы келісім-шарт күшіне енгеннен бастап екі айда 1 реттен кем емес).  Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, Жетекші аралық қаржылық есепті дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім-шарттар, есеп-шоттары, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырыстары, тауарлық жөнелтпе құжаттар және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмерленген болуы керек. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет.

Қорытынды шығармашылық есеп.  Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, Жетекші міндетті түрде қорытынды шығармашылық есебін дайындап, онда барлық өткізілген іс-шараларды толықтай жазып, әдістері мен технологиялары, туындаған мәселелері және оларды шешу жолдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктерге ұсыныстар болуы қажет. Шығармашылық есепте әрбір шараны жекелей жазу қажет. Әрбір өткізілген іс-шараның есебіне әлеуетті өнім беруші мыналарды қосуы керек: тұжырымдама, іс-шараны өткізудің бағдарламасы, күн тәртібі, қатысушылардың тізімі (Тегі, аты-жөні, жұмыс/оқу орны, байланыс телефондары, 100 адамға дейінгі іс-шараларда қол қойғандары, флеш-моб, акциялардан өзге, қол жинау мүмкін болмаған жағдайда), жаттықтырушы/ кеңесші/ лектор/ модераторлардың резюмелері байланыс ақпараттарымен бірге, (семинар-тренингтер, консультациялар, лекциялар, дөңгелек үстелдер үшін) баспасөз парағы, баяндамадан немесе құттықтаудан үзінді, іс-шара хаттамасы, фотосуреттер (жалпы фон және банер бейнеленген 10х15 см форматтағы 6 дана) электронды және баспа БАҚ-та жарияланған мақалалар көшірмесі, аудио/ бейне материалдардың көшірмесі, (егерде, эскиздар мен фотосуреттер мүмкін болмаған жағдайда) таратылған материалдар, полиграфиялық, имидждік және сувенирлік өнімдердің үлгілері және басқа да қажетті дәлелдейтін материалдар болуы тиіс. Есепте мына қосымшалар болуы қажет: фото, бейне, аудио және электрондық материалдардың мұрағаты. Қорытынды есеп Тапсырыс берушіге 3 данада термотүптемеде, пластмасс қорапта ұсынылуы қажет және де қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейінгі 5 күн ішінде PDF электронды форматты дискілерде болуы керек.

Қорытынды қаржылық есеп (жобаның жүзеге асырылуының қорытындысы бойынша). Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, Жетекші аралық қаржылық есепті дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім-шарттар, есеп-шоттар, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырысы, тауардың жөнелтпе құжаттары және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмерленген болуы керек. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет. Қорытынды қаржылық есеп Тапсырыс берушіге қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына 5 күн қалғанда 1 данада тапсырылады.

Барлық полиграфиялық өнімдер Тапсырыс берушімен келісілуі қажет және онда Тапсырыс беруші туралы мәлімет жариялануы тиіс.

4. Қызмет көрсету барысындағы ілеспе қызметтер:

  1. Міндетті түрде Тапсырыс берушіні көрсете отырып, жоба қызметін БАҚ-тарда ақпараттық насихаттау;

2) Ақпараттық қамтамасыз ету:

Жоба бойынша қызметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында техникалық спецификацияның сәйкес  ақпараттық қамтамасыз ету:

Электронды және баспа басылымдарында 5-тен кем емес мақала жариялануы, 1 бейнесюжеттің теледидарда таратылуын қамтамасыз ету. Өткізілген әр іс-шара туралы хабарламаны фотосуреттерімен (3-5дана) Текелі қаласы әкімдігінің ресми сайтында http://www.tekeli.gov.kz  ішкі саясат бөлімінің парақшасында жариялауды, орналастыруды қамтамасыз ету.

Жобаның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттық материалдардың мемлекеттік тілдегі сомалық үлесі өзге тілде жарық көрген материалдардан кем болмауы тиіс.

3)Әр іс-шараны сапалы өткізуді қамтамасыз ету: ұйымның және Тапсырыс берушінің логотиптері бейнеленген банер әзірлеу және орналастыру (банердің көлемі 2х3 метрден кем болмауы тиіс, іс-шараның атауы мен өтетін мерзімі жазылуы тиіс), іс-шараға қатысушыларды қажетті ғимаратпен, ақпараттық материалдармен, папкалармен, қаламсаптармен, блокнотпен және өзге де полиграфиялық және имидждік материалдармен қамтамасыз ету, әр шараның фотосуреті, бейне түсірілімі болуы қажет.

4)Жұмыс барысында мемлекеттік тілдің қолданылуын, қажет болған жағдайда өзге де тілдердің қолданылуын қамтамасыз ету.

5)Келісім-шартта көрсетілген кез-келген іс-шараларға тікелей немесе жанама қатысы бар шаралар жайында Тапсырыс берушіге шара өтерден 5 жұмыс күні бұрын хабарлап, іс-шараға қажетті барлық дайындық материалдарын ұсынуы қажет.

6)Әлеуетті өнім берушіге, жобадағы іс-шаралармен тұрғындарды қамтуды жоспарлаған жағдайда, келесідей сандық көрсеткіштерді ескеруі қажет:

   

Іс-шараның нұсқасы

Біреуіндегі қатысушылардың саны

қалалық деңгейде

ауылдық деңгейде

Форум

300 адамнан кем емес

100 адамнан кем емес

Конференция

100 адамнан кем емес

80 адамнан кем емес

Дөңгелек үстел

40 адамнан кем емес

30 адамнан кем емес

Семинар (кеңес)

40 адамнан кем емес

25 адамнан кем емес

Тренинг (шеберлік сағаты)

25 адамнан кем емес

20 адамнан кем емес

Акция

500 адамнан кем емес

120 адамнан кем емес

Флеш-моб

100 адамнан кем емес

20 адамнан кем емес

7)Ұйымдастырылатын іс-шараларда әдістемелік материалдар бір қатысушыға 1 данадан таратылады.

Тапсырыс беруші айқындаған сомадан аспайтын, қызмет көрсетуге арналған жоспарланған шығындар:

Шығындар түрі

Жоспарланып отырған шығындар (мың теңге)

Тапсырыс беруші айқындаған қызмет көрсетудің жалпы құнының %-і

1

2

3

4

 

 

 

 

Қорытынды:

 

 

8)Әлеуметтік сауалнамалар қызмет көрсету Бағытына сәйкес келесідей негіздерде жүргізілуі тиіс (ұсынылып отырған параметрлер көрсетілген):

Іс-шаралар (қызмет көрсетуге қажетті іс-шаралар )

Іс-шаранының өтетін орны (елді-мекеннің нақты атауы)

Өткізу мерзімі

1.

Жабдықтарды дайындау (сауалнама, гайд, нұсқаулар және т.б.)

Өткізілетін орнына байланысты

Тапсырыс берушінің талапына байланысты

2.

Алаңдық жұмыстарды дайындау, супервайзерлер мен интервьюерлерге нұсқаулық беру

 

 

3.

Алаңдық жұмыстар (сауалнама жүргізу)

 

 

4.

Сауалнама жүргізу

 

 

5.

Сауалнамаларды ішінара тексеру

 

 

6.

Алаңды бақылау

 

 

7.

Мәліметтерді енгізу, кодтау

 

 

8.

Мәліметтерді өңдеу

 

 

9.

Алғашқы мәліметтерді дайындау

 

 

10.

Қорытынды есепті дайындау

 

 

11.

Презентациялауға дайындық

 

 

  1. Әлеуметтік зерттеулер келесідей өткізіледі:
  1. Қызмет көрсетудің міндетті кезеңдеріне сәйкес және тәртіппен;
  2. Тапсырыс беруші айқындаған мерзімде;
  3. Қызмет көрсетудің Техникалық ерекшеліктеріне сәйкес;

Әлеуметтік зерттеулер өткізуге қойылатын жалпы талаптар:

  1. Зерттелетін бағдарламаның жобасы міндетті түрде айқын, ашық болуы керек және теориялық (әдістемелік) және рәсімдеу (өңдеу) бөлімдерінен құралуы тиіс;
  • Теориялық бөлімде мәселенің қалыптасуы; зерттелетін нысанның немесе заттың анықталуы; зерттеу мақсатының тұжырымы; зерттеудің негізгі қолжеткізетін жетістіктері; зерттеудің негізгі түсініктерінің қалыптасуы;
  • Рәсімдеу (өңдеу) бөліміне енетіндері таңдау жүйесінің негізділігі: таңдау қорытындысының есебі;  алғашқы мәліметтерді зерделеу және негізгі таңдау жүйесінің сипаттамасы;

Зерттеу бағдарламасы жобасының ережесі нақты болуы тиіс, барлық элементтер зерттеу қисынына сәйкес ойластырылып, анық жобалануы керек.

  1. Таңдау нақты болуы тиіс, яғни көрсетілген параметрлер бойынша респонденттердің құрамы жалпы жиынтықтағы негіздерге сәйкес болуы қажет (Алматы облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес). Үлестік (квоталық) таңдау болуы тиіс, онда респонденттерді таңдаудың негізі параметрлеріне тұрғылықты мекен-жайы, жынысы, жасы, ұлты енуі тиіс.
  2. Таңдау кезінде қателік (жалпы жиынтықтың орташа мінездемесінен, таңдау жиынтығының орташа мінездемесінің ауытқуы) міндетті түрде 3%-дан артық болмауы тиіс.
  3. Зерттеу әдістемесі осындай зерттеулердің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес болуы қажет.
  4. Зерттеу өткізілетін аймақ Тапсырыс берушімен келісілуі тиіс.
  5. Кезеңдік зерттеудің ақпаратын жинақтау, әлеуметтік-демографиялық параметрлерге сәйкес: (жасы 18-ден төмен болмауы керек) таңдап алынған, арнайы дайындалған интервьюерлер арқылы жүргізілуі қажет.
  6. Әлеуетті өнім беруші зерттеудің алаңдық кезеңінің қорытындысы бойынша, алаңды бақылап, тазалық, өңдеу және мәліметтерді енгізуді жүргізуі қажет.
  7. Тапсырыс беруші арнайы алаңда бақылау жүргізу үшін Әлеуетті өнім беруші (Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес) мәліметтерді сақтауға міндетті және Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша зерттеу жүргізген алаңдық кезеңнің барлық құжаттарын (сауалнама, жүру парағы, лейблдар, сызғыштар, коррекциялар және т.б.) қамтамасыз етуі қажет.

9) Алғашқы мәліметтерді шығару, өңдеу және бірлік, жұптық кестелер және т.б. арнайы бағдарламасы бар компьютерде жасалуы тиіс ( (SPSS , Statistica, Anketa и т.д.).

  1. Әлеуетті өнім беруші жоба қызметінің барысында және жоба аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіні келесідей шығыс құжаттарының пакетімен қамтамасыз етеді:
  • Аралық шығармашылық және қаржылық есептер;
  • Қорытынды шығармашылық және қаржылық есептер;
  • Әдістемелік құралдар, ақпараттық материалдар және жоба қызметі тақырыбына сәйкес анықтамалықтар;
  • Барлық іс-шараларды сипаттай отырып, жоба қызметінің зерделеген есебі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазбаша және электронды түрде;
  • Өткізілген іс-шаралардың БАҚ-та жариялануы бойынша қорытынды ақпарат мүмкіндігінше түрлі-түсті нұсқада жеке енгізіледі.

6. Әлеуетті өнім беруші қаржылай операциялардың жүзеге асырылғандығы бойынша келесідей талаптардың орындалғандығын қамтамасыз етеді:

  1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі келісім-шартта көрсетілген қаржыларды қызмет көрсетумен байланысты нақты шараларға жұмсау қажет және қаржылық есеп көрсетілген тиісті құжаттармен бірге болуы тиіс. Қаржыларды пайдалану барысында Әлеуетті өнім беруші аталған бағытта қызмет көрсететін жұмыс сапасы, қызметі, тауарлары бар кем дегенде үш тәуелсіз ұйымның нарықтық бағаларын зерттеуі қажет. Сонымен қатар, Әлеуетті өнім беруші сатып алуды ең аз бағаның негізінде жүргізуі тиіс;
  2. Іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудегі қызмет көрсетуді үшінші тұлғаларға бермеуі қажет;
  3. Жобаны жүзеге асырудың аясындағы материалдық құндылықтарды (имидждік және әдістемелік материалдар) беруде Әлеуетті өнім беруші өткізіп-қабылдап алу актысын жасайды;
  4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырудағы келісім-шартта көрсетілген шығындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 Бюджеттің орындалуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің 48-бөлімі және 100-қосымшасына сәйкес және де Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысына сәйкес жүргізіледі (Мемлекеттік бюджеттегі мемлекеттік қызметкерлердің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы аумағында қызметтік іс-сапарлары туралы Ережесі);
  • Қызметкерлердің еңбекақысы салықты есептей отырып, келісім-шарттағы жалпы соманың 20% -нан аспайтын түрде жүргізілуі қажет;
  • Полиграфиялық өнімдерді дайындау бойынша шығындар келісім-шарттағы жалпы соманың 30%-нан аспауы қажет;
  • Жанар-жағар май сатып алу (ҮЕҰ-ның балансындағы көліктер үшін) келісім-шарттағы жалпы соманың 1%-нан аспауы тиіс (жоба бойынша жалға алынған көліктерге бензин сатып алынбайды);
  • Кофе-брейктер өткізу үшін келісім-шарттағы жалпы соманың 10%-нан аспауы тиіс;
  • Жобаға қатысушылардың еңбекақысы салық түсімдерін есептей отырып; кеңсе тауарларының шығыны; іс-шараға қатысушыларды орналастыратын ғимаратты жалға алу; типографиялық шығындар; жарнама өнімдері, оның ішінде бейне өнімдерді әзірлеу;  іс-сапар шығындары; режиссерлік-қойылым тобының еңбекақы шығындары; іс-шараның салтанатты ашылу және жабылу рәсімдерін материалдық қамтамасыз ету (реквизиттарды, костюмдерді, жабдықтарды, жарық және дыбыспен қамтамасыз ету құрал-жабдықтарын жалға алу); ғимаратты безендіру; әдістемелік әдебиеттер алу; сарапшылардың еңбекақысы; марапаттау; көлік шығындары (егер қызмет көрсету көліксіз мүмкін болмаған жағдайда); келісім-шарт бойынша қызметкерлердің еңбекақысы; қызмет көрсетудің ерекшеліктеріне сәйкес келген жағдай, тамақтандыру; залды, спорт ғимараты пен спорт жабдықтарын жалға алу;
  1. Аралық және қорытынды қаржылық есептерді қамтамасыз ету.      

Мемлекеттік сатып алынатын қызметтердің сапалық көрсеткіштері:

Лот нөмірі

Қысқаша мазмұны

№ 1 лот

Жобаның  ұйымдастыру-тәжірибелік шаралары:

Текелі қаласында жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған мәдениет пен өнерді дамыту мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу. Жалпы қала тұрғындарының қатысуымен қоғамдық-саяси, патриоттық шаралар ұйымдастыру. Қоғам мен жастар бойында  жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мен насихаттауға ықпал ету.

1) «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» ақпараттық марафоны;

2) «Мәңгілік Қазақ Елінің тарихы» ғылыми-танымдық конференциясы;

3) «Ел тарихы – жер тарихы» тарихи-әдеби-ғылыми жобалар байқауы: «Үздік тарихи шығарма»; «Үздік әдеби шығарма»; «Үздік ғылыми жоба»;

4)  ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Тәуелсіз Қазақ Елінің төл белгілері: Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Гимнім!» атты патриоттық акциясы;

5) «Қазақ даласының тұлғалары» әдеби-тарихи-танымдық жобасы:

-  «Шығыстың құйрықты жұлдызы Шоқан ізімен...» этнографиялық саяхат;

- «Шеш көңілімнің жұмбағын...» «Абайдың жұмбағы» әдеби-сазды қойылымы;

- «Көшпенділер», «Алтынорда» - Ілияс Есенберлин шығармаларының шоқтығы» көркем әдебиет оқу акциясы;

- Қазақ хандығының жылнамасы: «Жеті жарғы»; «Аласапыран»;

6) «Ел мен ер – егіз ұғым» патриоттық форумы;

7) «Елін сүйген ер бақытты!» Тұңғыш Президент күніне арналған патриоттық форум;

8) «Тәуелсіз Қазақ елі!» ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік шара;

9) Ел бірлігін, дінаралық келісімді сақтауға бағытталған шаралар өткізу:

- «Ел тұтастығы - ең басты байлығымыз»;

- «Толеранттылық – табыс кепілі;

- «Қазақ әдебиетіндегі рухани құндылықтар» танымдық-әдеби оқулар;

Қазақ хандығының 550 жылдығының логотипімен имидждік материалдар (төсбелгілер, кәдесыйлар және т.б.) шығару және тарату; әр шараға арнаулы баспа-полиграфиялық өнімдер (баннер (3*6), панно және т.б.) дайындап, қала аумағында орналастыру.  Жоба нәтижесі бойынша ақпараттық бюллетень, брошюра дайындау.

№ 2 лот

Жобаның  ұйымдастыру-тәжірибелік шаралары:

Жергілікті тұрғындарды, зиялы қауымды ұлттық бірлік идеясына, қоғамдық келісімді, Ел Тәуелсіздігін, тарихы мен мәдениеті, тілінің біртұтастығын нығайтуға арналған шараларға тартуды ұйымдастыру  және жүргізу.

1) «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» қайырымдылық акциясы;

2) «Менің Елім - Мәңгілік  Ел» синхрон-акциясының эстафетасы;

3) «Ұлт тірегі - татулық» этнофестивалі;

4) «Ұлттық дәстүр - ұрпаққа аманат» этникалық топтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерделеп, жинақ шығару (қалың мұқабалы, пішімі А5, толық түрлі-түсті, тығыздығы 150г кем емес)

5) «Елімнің тағдыры - менің тағдырым» этнофорумы;

6) «Ата Заңым – айбарым!» ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған іс - шаралар;

7) «Біз қазақстандықтармыз!» этнобайқауы;

8) «Мерейлі отбасы» Отбасы күніне орай мерекелік шара;

9) «Ұлттық бренд» этникалық көрмесі (фото,сурет, қолөнер бұйымдары байқауы)

10) Қоғам тұрақтылығы, құқықтық ақпараттық тақырыптағы шаралар өткізу:

 «ҚХА: сыбайлас жемқорлық індет -  жою біздің міндет»  дөңгелек үстел;

 «ҚХА: дін мен дәстүр дәріптелсін, төзім мен сабыр сақталсын» семинар

ҚХА 20 жылдығы мерекелік логотипімен, Қазақстан Конституциясына 20 жыл логотипімен имидждік материалдар (кәдесыйлар, төсбелгілер, жалаушалар, жеңіл жейделер мен бас киімдер және т.б.) басып шығару, әр мерекелік шараға баспа полиграфиялық өнімдер (билборд (3*6), панно және т.б.) әзірлеп, қала аумағында орналастыру. Жоба нәтижесі бойынша есептік ақпараттық бюллетень, буклет дайындау.

№ 3 лот

Жобаның  ұйымдастыру-тәжірибелік шаралары:

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, қамқорлық акцияларын ұйымдастыру.

1) «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» қамқорлық акциясы;

2) «Әлемді әнімен әлдилеген...» Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік-сазды кеш;

2) «Ардагерім - ардағым» фотокөрме;

3) «Бейбіт күннің батырлары» патриоттық-ерлік сабақтары, ауған соғысы ардагерлерін ұлықтау (Отан қорғаушылар күніне орай);

4) «Тылдағы тірлікті түрленткен» ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік кеш;

5) «Атадан – ұлағат, анадан - инабат» Қарттар күніне арналған мерекелік шара;

6) «Әрқашан күн сөнбесін ...» Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар;

7) «Ата заңым - Айбыным» Конституция күніне арналған мерекелік шаралар;

8) Қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу бойынша әлеуметтік сауалнамалар өткізу (тоқсан сайын)

Жеңістің 70 жылдығы мерекелік логотипімен имидждік материалдар (кәдесыйлар, төсбелгілер, жалаушалар және т.б.) басып шығару, әр шараға баспа полиграфиялық өнімдер (баннер (3*6), панно және т.б.) әзірлеп, қала аумағында орналастыру. Жоба нәтижесі бойынша есептік ақпараттық бюллетень, буклет дайындау.

№ 4 лот

Жобаның  ұйымдастыру-тәжірибелік шаралары:

    Азаматтардың денсаулығын сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында қоғамдық-мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырып өткізу.

1) «Біз салауатты өмір үшін» ақпараттық-құқықтық марафоны (тематикалық шаралар);

2) «Жақсыдан шарапат...» мүмкіндігі шектеулі азаматтармен атаулы шаралар өткізу (Балаларды қорғау күніне орай);

3) «Кедергісіз келешек» тақырыптық конкурстар;

4) «Тәртіп пен төзімділік – қоғам тұрақтылығының негізі» дөңгелек үстел;

5) «Жастар – ел болашағы» денсаулық фестивалі (26 маусым);

 Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша имидждік материалдар (төсбелгілер, жалаушалар, флаерлар және т.б.) басып шығару, әр шараға баспа полиграфиялық өнімдер (билборд (3*6), панно және т.б.) әзірлеп, қала аумағында орналастыру. Жоба нәтижесі бойынша есептік ақпараттық бюллетень, буклет дайындау.

 

 

 

«Текелі қаласының ішкі

саясат бөлімі» ММ  басшысы                                                       Н. Шоханова                                                                                                                                                                                         

 

М.О.

«__» ________ 2015 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурстық құжаттамаға

3-қосымша

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

(заңды тұлғалар үшін)

 

Кімге_____________________________________________________________

(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен____________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)

 

1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

 

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары;

  

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы;

  

Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні.

  

 

2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды. 

Осымен әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу (тауарды (ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімі де білдіріледі.

4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.

6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

_________________________________________________

______________________________/__________________/

____________________________________________________________

(Заңды тұлғаның  әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)

 

Толтырылған күні ___________________________________

М.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурстық құжаттамаға

4-қосымша

 

Біліктілігі туралы мәліметтер

(әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)

 

1. Әлеуетті өнiм берушiнiң атауы ________________________________

__________________________________________________________________

2. Соңғы бес жыл ішінде әлеуеттi өнiм берушiнің көрсеткен қызметтері конкурсында дәл осындай сатып алынатын қызметтердің (олар болған кезде) көлемі, теңгемен____________________________________________________

 

Көрсетiлген

қызметтердiң атауы

Тапсырыс

берушiлердiң атауы

мен олардың

телефондарының

нөмiрлерi

Қызметтер

көрсетiлген орны

және жылы

Шарттың құны,

теңге

 

 

 

 

3. Қызметкерлердің біліктіліктері мен тәжірибесі 

Р/с

Т.А.Ә.

Лауазымы

Аталған

конкурс

қызметтерінің

саласындағы

жұмыс өтілі

Біліктілігі  (мамандығы) диплом, куәлік

және білімі туралы басқа да құжаттары

 

 

Санаты, разряд,

мамандығы бойынша

сыныбы (бар болса) бойынша

Азаматтығы

 

 

 

 

 

 

 

4. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.) қол жеткізу туралы. Төменде санамалау және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса берілген.

5. Ұсынымдар туралы мәлімет. Ұсыным хаттарды, басқа заңды және жеке тұлғалардың басқа да пікірлері санамаланған және қоса берілген.

______________________________/__________________/

(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)

 

 Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

 

Қолы ___________________________________

 

М.О.

 

Конкурстық құжаттамаға

5-қосымша

 

Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi

__________________________________________________________________

(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы, әрбір лотқа жеке толтырылады)

Р/с

Мазмұны

Тауарлардың, жұмыстардың,

қызметтердің атауы

1.

Қысқаша сипаты

 

2.

Шығарылған елi (жұмыстарды сатып алу кезiнде алынып тасталады)

 

3.

Өлшем бiрлiгi

 

4.

_______бiрлiктің бағасы ___________ ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша _________ (межелі орны)

 

5.

Саны (көлемi)

 

6.

Барлық бағасы =__________ 5-бет х 6-бет

 

7.

Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС 2000 шарттары бойынша __________ межелі орны, әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға арналған, кеден бажын, ҚҚС және басқа төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер бағасын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды қоса алғанда, басқа да шығыстар

 

Әлеуетті өнім беруші басқа да шығындарды, соның ішінде мөлшерін, берілетін жағдайда жеңілдіктерді көрсетуге құқылы.

Бiз Сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келiсемiз.

Төлемнің келесі альтернативті шарттарын

__________________________________________________________________

(бар болса төлемнің альтернативті жағдайлары тізбеленеді) немесе басқа жағдайларды

(тізбелеу:_________________________________________________________)

ұсынамыз, сонымен бірге_______________________________ мөлшерде баға

                            (ақша сомасын толық жазып көрсету)

жеңілдігін ұсынамыз.

____________________________(лауазымы, Т.А.Ә) ____________(Қолы)

                                                                                   М.О.

Ескертпе: әлеуеттi өнiм берушi жалпы бағаның құрауыш бөлiктерiн көрсетпеуi де мүмкiн, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын, болған кезде жеңілдіктерді ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.

 

 

Тауарларды/көрсетілетін қызметтерді

мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт

 

Текелі қаласы                                                          «____» ____________ 2015 ж.

 

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ___________________________

(Тапсырыс берушінің толық атауы)

атынан,___________________________________________________________

                     (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

бір тараптан және бұдан әрі өнім беруші деп аталатын

_____________________________________________________________атынан

               (Өнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы)

_____________________________________ негізінде әрекет ететін

(Жарғының, Ереженің және т.б.)

__________________________________________________________________

(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде_____жылы___ _______ Өткен осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі - Шарттың бағасы) тауарларды/көрсетілетін қызметтерді Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алды.

2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

1) "Шарт" - Тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

2) "Шарттың бағасы" Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

3) "Тауарлар" нәрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелерін, сондай-ақ өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде беруге тиіс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;

4) "Ілеспе кӨрсетілетін қызметтер" Тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем кӨрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші қызметтер және өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;

5) "Қызмет көрсету" - Тапсырыс берушінің мұқтажын қанағаттандыратын, заттық нәтижеге ие емес, қызмет;

6) "Тапсырыс беруші" - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;

7) "Өнім беруші" - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).

Ескерту. 2-тармаққа Өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) сатып алынатын тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

3) техникалық ерекшелік;

4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

4. Ереженiң 158-тармағында көрсетiлген жағдайларда және мөлшерде өнiм берушi Шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күнi iшiнде Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзеді. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:

1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу шарты бір қаржы жылынан астам мерзімге:

1) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы, тауарларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын тауарларды (мұндай фактіні растайтын әзірлеушінің анықтамасы болуға тиіс);

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, бір қаржы жылынан асатын мерзімге көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін.

Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда бір қаржы жылынан астам қолдану мерзімімен мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шартты бәсекелестік негізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша белгіленген өнім берушілермен ғана жасасуға жол беріледі.

Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған кҮнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.

Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

8. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.

9. Өнім беруші тауарды (көрсетілетін қызметтерді) өнім берушінің конкурстық өтініміне және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің (конкурсты ұйымдастырушының) конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада сатуды және беруді (көрсетуге), ал Тапсырыс беруші қабылдауды және төлеуді міндетіне алады. Ақы төлеу нысаны__________________________________

 (аударым, қолма қол есеп айырысу, және т.б.)

10. Төлеу мерзімі_____________________________________________

(мысал: тауарды тағайындалған пунктте қабылдағаннан кейін % немесе алдын ала төлеу және т.б)

11. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:

______________________________________________________________

(шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi немесе т.б.)

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздеуі тиiс.

Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттiк сатып алу шарттарының және (немесе) өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

12. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.

13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.

15. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелікте айтылса, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растау үшін техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргізуі мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды өнім беруші жүктейді. Техникалық ерекшелікте Тапсырыс берушіге қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екендігі көрсетіледі. Тапсырыс беруші өнім берушіні осы мақсаттарға арналған өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуге тиіс.

16. Техникалық бақылау мен сынақ Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында, тауарларды жеткізу орнында және/немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында жүргізілсе, Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін және жәрдем көрсетілетін болады.

17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке жауап бермесе, Тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және өнім беруші ақаулы тауарды не алмастырады не Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер енгізеді.

18. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.

19. Өнім беруші тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабілетті орауға қамтамасыз етуі тиіс. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.

20. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.

21. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын Тауарлардың/Көрсетілетін қызметтердің тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады:

а) шетелден келетін Тауарлар үшін:

Тауарды түсіргеннен кейін өнім беруші Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін және оның күнін, жөнелтілген портын және күнін, түсіру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуге тиіс:

1) Тауарлардың сипаттамасымен, Тауардың санын, бірлігінің бағасын және жалпы сомасын көрсетіп, өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;

2) көліктік жүк құжаттың түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;

3) әрбір орамның құрамын көрсетіп, орау парағының көшірмесі;

4) сақтандыру Сертификаты;

5) дайындаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;

6) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

7) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Тапсырыс беруші Тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс және олар алынбаған жағдайда өнім беруші осы шығыстарға байланысты жауапты болады.

б) Жергілікті Тауарлар үшін:

1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бірлік бағаны және жалпы сомасын көрсетіп, өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;

2) көліктік жүк құжат, темір жол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;

3) Дайындаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;

4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);

5) тауардың шыққан жері туралы сертификат.

22. Шартқа сәйкес берілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуға тиіс (қажетті сақтандыру түрін көрсету). Сақтандыру полисінде Тапсырыс беруші өнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталуға тиіс.

23. Сақтандыру әскери іс-қимылдарға және көтерілістерге байланысты қатерлерді қоса алғанда, "барлық қатерлерден" сақтандыру кезінде "қоймадан қоймаға" Шарт сомасының 110 % мөлшерінде болуға тиіс.

24. Өнім беруші Тауарларды тағайындалған пунктіне дейін беруге тиіс. Осы тауарларды тағайындалған пунктіне дейін тасымалдауды өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.

25. Осы Шарттың шеңберінде өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуге тиіс.

26. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.

27. Тапсырыс беруші өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бліктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші сатып алу үшін өнім берушіден таңдай алатын және оларды кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бөліктердің құны мен номенклатурасын беруді өнім берушіден талап етуі мүмкін.

28. Өнім беруші қосалқы бөлшектерді шығаруға тоқтатқан жағдайда:

а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;

б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.

29. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда өнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жібергені үшін жауап бермейді.

30. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай

_________________________________________________ішінде жарамды.

(кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін)

31. Тапсырыс беруші өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.

32. Осындай хабарламаны алғаннан кейін өнім беруші ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлігін Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиіс.

33. Егер өнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс беруші өнім беруші есебінен және Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.

34. Өнім берушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың ____ және________ -тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.

35. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің конкурстық өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.

36. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші көрсететін Қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.

37. Егер кез келген өзгеріс өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.

38. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.

39. Өнім беруші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

40. Тауарларды берудi және Қызметтердi көрсетудi өнiм берушi кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиiс.

Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

41. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.

42. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

43. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер өнім беруші  тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

44. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:

а) егер өнім беруші Тауардың бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

б) егер өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.

Ескерту. 44-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған кҮнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

45. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

Ескерту. 45-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған кҮнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

46. Осы Шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

47. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.

48. Тапсырыс беруші, егер өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады  және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

49. Тапсырыс беруші өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.

50. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

51. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.

52. Тапсырыс беруші мен өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

53. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

53-1. Отандық тауар өндірушілермен немесе отандық қызметтерді көрсетушілермен шарт жасалған жағдайда, шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені не қызметтерді көрсеткені Үшін толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

Ескерту. Қосымша 53-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.

53-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы  салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.

Ескерту. 4-қосымша 53-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 № 641 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

54. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

55. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда Шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

56. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.

57. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен тҮпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

58. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.

59. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

60. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада кӨзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.

60-1. Өнім беруші жергілікті қамтуды конкурстық өтінімге (болған кезде) сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Ескерту. Үлгі шарт 60-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

60-2. Өнім беруші жеткізілетін тауардың бүкіл (барлық) партиясына (партияларына) CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынуға міндеттенеді.

Ескерту. Үлгі шарт 60-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

61. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

62. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден өткізгеннен кейін және өнім беруші осы Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.

63. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:

      Тапсырыс беруші                         Өнім беруші

  _____________________________         ________________________

      (толық атауы)                           (толық атауы)

  _____________________________         ________________________

  _____________________________         ________________________

      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)

  _____________________________         ________________________

      (телефоны, факсы)                      (телефоны, факсы)

  _____________________________         ________________________

         (Т.А.Ә.)                                (Т.А.Ә.)

  _____________________________         ________________________

         (қолы)                                  (қолы)

  ________ж."__"__________              _________ж."___" _______

 

      М.О.                                   М.О.