Навигация

Ақпарат

Баннеры

Негізгі » Анонсы

Анонсы

16 маусым - «Алға басу – движение вперёд» атты) қайырымдылық жүгіру акциясы

«Алға басу – движение вперед» қайырымдылық жүгірісінің
баспасөз релизі 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және  «Милосердие» Қоғамдық қоры («Алға басу – движение вперёд» атты) мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қайырымдылық жүгіру акциясын өткізеді.

Аталған іс-шара 2018 жылғы 16 маусымда сағат 10.00-де Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай, республикамыздың барлық облыс орталықтары, Астана және Алматы қалаларында бірыңғай стартпен – бір күні, бір сағатта басталады.

Сонымен қатар, Алматы облысының аудан, қалаларында да мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен жоғарыда көрсетілген күні мен уақытта акцияны өткізіп, оны ақпараттық сүйемелдейді (әлеуметтік желілер, БАҚ өкілдерінің қатысуы).

Қайырымдылық акцияның мақсаты:

  • Мемлекеттік қызмет жүйесінің 20 жылдығын мерекелеу мен «Мемлекеттік қызметкелер күні» мерекесіне орай, барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында бір уақытта мәреге шығу;
  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту;
  • мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және денешынықтыру мен спортқа баулу;
  • бұқаралық спорт түрін насихаттау;
  • спорттық жарысқа қатысушылардың шеберлігін шыңдау;
  • «ДОМ» қайырымдылық қорына қолдау көрсету.

Сонымен қатар, қайырымдылық шараға қызметкерлердің отбасы мүшелері және өзге де жеке тұлғалар да қатысуға ұсыным бере алады.

Текелі қаласында Қалалық саябақта өткізілетін қайырымдылық жүгіруге 57 мемлекеттік қызметші қатысады.

Қайырымдылық жүгірудің ережесіне сәйкес, жүлделі орын алған жеңімпаз қатысушы арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталады, сондай-ақ барлық жарысқа қатысушыларға арнайы сертификаттар беріледі.